Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Тіс қайрау ауру ма?

Тіс қайрау ауру ма?

Тіс қайрау ауру ма?

Түн ұйқысында тіс қайрау үнемі кездесетін жәйт. Көптеген адамдар тіс қайрауды жаман әдет деп қана қарайды. Ол үшін емханаға баруды да ерсі көретіндер көп.

Тіс қайрау нашар әдет пе, әлде ауру ма? Төменде мамандар көзқарасына жүгіне отырып, бұл жайында қандай шара қолдану жөнінде айтатын боламыз. Алдымен тіс қайраудың себебі жөнінде тоқталайық:

Ұйқы мезгілінде тіс қайрау үлкен мидағы бір бөлім жүйке жүйенің қалыпсыздығынан, нәзік жүйке тамырларының шаршауынан туындайды. Ұйқы мезгіліндегі тіс қайрау мен күндізгі еріксіз тіс қайрау бірте-бірте ауырлап, қалыпты жағдайға айналып отырады. Мұны созылмалы дерт деп айтуға әбден болады. Бұл жоғарыда айтқанымыздай бірнеше түрлі болып келеді. Біріншісі, ұйқы мезгілінде тіс қайрау. Бұл әдетте мамандар жағынан түнгі тіс қайрау деп аталады. Бұл өзіне сезілмегенімен, айналасындағы адамдардың жүйкесіне қатты әсер етеді. Екіншісі, күндізгі тіс қайрау. Бұл әдетте өзі де абайламаған жағдайда қатты тістене қалатын жағдай. Бұл кезде тіс қайраған секілді дыбыс та білінбейді. Бірақ, бұл да тіс қайраудың бір түріне жатады. Үшіншісі, жоғарыдағы екі түрлі жағдай бір адамның бойынан көрініп отырады. Әдетте ең ауыры да осы.

Тіс қайраудың себептері мыналар:

  • Жүйке жүйесінің аса сезімталдығы, психикалық шаршау, көңіл-күйдің төмендеуі, ашулану, ызалану;
  • Асқазан-ішек жолы ауруларынан;
  • Қалыптан тыс шаршау;
  • Ритімсіз, қалыпсыз тұрмыс әдеті;
  • Денедегі кейбір дәрумендердің кемшін болуы;
  • Әдетке айналып кеткен, қалыпты құбылыс.

Бұлардың бәрі бірте-бірте ауыр дертке шалдықтыруы әбден мүмкін. Сол үшін де бұл әдеттен арылуға асыққан жөн. Тіс қайраудың қарапайым емдік жолын айтып өтелік:

  • Психикалық емделу. Бұл енді өзіңізді жеңуден басталады. Күнделікті жұмысты қалыпты етіп орналастыру, қалыптан тыс шаршауды бәсеңдету;
  • Үлкен мидың шаршауынан сақтану, ұйықтар алдында аса күрделі ой-қиялға берілмеу, азықтық қуаты жоғары тағамдарды ғана тұтыну, темекі тартудан сақтану, ұйықтар алдындағы жатын бөлмесінің ауасын тазарту;
  • Ұйқыдағы кезде тіс қайраған адамды оятып жіберу де өнімді тәсіл. Бұлай болғанда үздіксіз тіс қайрау барысында қалыпсыздыққа еніп бара жатқан жүйке жүйесін де оятуға болады.

Бұдан өзге ең өнімді тәсіл мамандардан кеңес сұрап, дәрі-дәрумендер тұтыну. Қазір осы салада жұмыс жасайтын дәрігерлер де жетерлік.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: ivanovomama.ru

31163 8
Рейтинг: +4

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 25 желтоқсан 2012, 12:46
Пікірлер
+0
25 желтоқсан 2012, 13:21

Көбіне асқазан ауырғаннан болады дейді

+0
25 желтоқсан 2012, 13:25

Жүйке жүйесінің аса сезімталдығы , көңіл-күйдің төмендеуі, ашулану, ызалану;))анда санда болып турады

+0
25 желтоқсан 2012, 13:34

Әдет шығар. Болмаса бір ауырумен ауыратындар тісін кайрай береді. Әсіресе, ұйықтағанда

+0
25 желтоқсан 2012, 13:45

Менде ұйқы мезгілінде тіс қайрау көп болады!

+0
26 желтоқсан 2012, 13:22

ұйықтап жатқанда тіс қайрап оятатындардың басынан бір қойса қояды :mrgreen:

+0
02 қаңтар 2013, 16:09

басымнан түк қалмай қалады ғой)

+0
02 қаңтар 2013, 16:20

мен жынды қайраймын))))))))

+0
04 қаңтар 2013, 12:43

ақпарат беретін материал екен. Дайындаған авторға ұсынысым, сөйлемнің басталуына мән беріңіз. сіз де Бұл деген сөзбен басталатын сөйлем көп.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...