- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бала кезінен жанкүйер"....
"Бала кезінен жанкүйер". Айсауле Бақытбек күйеуіне бағалы сыйлық жасады
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының қызы Айсауле Бақытбек күйеуіне ерекше сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Блогер жолдасына "Реал Мадрид" футбол клубының жартылай қорғаушысы Лука Модричтің қолтаңбасы бар жеңіл жейде мен картина сыйлаған.
"Менің күйеуім бала кезінен "Реал Мадрид" футбол клубының жанкүйері, сондықтан ол әлемдегі ең керемет күйеу болғаны үшін жақында оған сыйлық жасауға шешім қабылдадым. Қораптың ішінде не бар деп ойлайсыз?
Модрич мырза - меншікті қызметкер.
"Үздік әйел 2024" номинациясында мен жеңімпазбын.
Жақсы көремін", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Бөлек тұрған күштірек". Айсауле Бақытбек Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ата-енесінің үйіне көшіп барғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ә әрпінен басталатын ұл есімдері
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә