"Бөлек тұрған күштірек". Айсауле Бақытбек Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ата-енесінің үйіне көшіп барған

"Бөлек тұрған күштірек". Айсауле Бақытбек Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ата-енесінің үйіне көшіп барған
Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Қазақстандық танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызының қызы Айсауле Бақытбек Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ата-енесінің үйіне көшкен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Жер сілкінісінен кейін күйеуімнің ата-анасының үйіне көштік. 
Олар бізге әрқашан қуанышты, бірақ біз өз үйімізге қайтқан кезде олар да қуанды.
Біздің екі баламыз, екі күтушіміз, екі итіміз бар, бұл бәріне бірдей ұнай бермейді. 
Біз күйеуімнің ата-анасымен бір жарым жыл бірге тұрдық, бұл жақсы тәжірибе болды, бірақ бөлек тұрған күштірек", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Түске дейін ұйықтаймын". Айсауле Бақытбек енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтқаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Онкологияның алғашқы белгілері қандай?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә