- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Азиаданың қорытындысына баға...
Азиаданың қорытындысына баға беру қиын - министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азиада ойындарының қорытындысына баға беру қиын екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жыл соңына дейін және 2024 жылдың шілдесіне (Олимпиада ойындарына - еск.) көп лицензия алуға тырысамыз. Кім кінәлі екенін айту қиын. Содан кейін барып қорытынды шығарамыз. Қазір айту қиын. Бастысы спортшыларды дайындау. Себебі (спортшылар үшін - еск.) жаңа дайындық кезеңі басталды. Азиададан кейін бәрін саралап, сараптаймыз. Содан кейін Олимпиадаға жаңа күшпен дайындаламыз" - деді министр Үкімет отырысынан соң.
Айта кетейік, биыл Қазақстан Азия ойындарында жалпы командалық есепте 11-орынға ие болды. Спортшылар 10 алтын, 22 күміс, 48 қола алды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Азиада жеңімпаздары қанша сыйақы алатыны туралы жазған едік.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz