Қазақстанда Азиада жеңімпаздары қанша сыйақы алады?

Қазақстанда Азиада жеңімпаздары қанша сыйақы алады?
Фото: ©Olympic.kz/Турар Казангапов

Қазақстандық спортшылардың Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының медальдары үшін қанша ақша алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Азиада жеңімпаздары 10000 доллар, күміс жүлдегерлер 5000 доллар, қола жүлдегерлер 3000 доллар алады. Жаттықтырушыларға сәйкесінше 5000, 3000 және 2000 доллар берілетін болады.

Сондай-ақ, командалық жарыстарға қатысқан спортшыларға жеке төлемдер қарастырылған.

Айта кетейік, Қазақстан Азиаданы медальдық есепте 11-ші орында аяқтап, 80 марапатқа ие болды, оның ішінде 10 алтын, 22 күміс және 48 қола бар.

Азиада 8 қазанда аяқталады. Жабылу рәсімі Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов