- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Азайып қалды". Бекболат...
"Азайып қалды". Бекболат Тілеухан табысы туралы айтты
Фото:
parlam.kz
Экс-депутат, Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті Бекболат Тілеухан табысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында бөлісті. Оның айтуынша, қазір ол киноға түсіп жатыр.
"Құпия ештеңе жоқ. Келгенде 7 мың доллар (3 249 020 теңге - еск.) болған, қазір енді мұнда инфляция болып жатыр ғой. Сонымен азайып қалды. Қазір 4200 доллардай (1 949 412 теңге - еск.). Қанағатыңа байланысты. Негізі жетеді. Ел бар, жұрт бар. Жоқ десең, жоғалып қаласың", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін экс-депутат Бекболат Тілеухан қазір немен айналысып жүргенін хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек