Экс-депутат Бекболат Тілеухан қазір немен айналысып жүр?

Экс-депутат Бекболат Тілеухан қазір немен айналысып жүр?
Фото: parlam.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бұрынғы басшысы Бекболат Тілеухан Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті қызметін атқарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдаулет Сәбитов айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол Бекболат Тілеуханның Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамытуға елеулі үлес қосқанын айта келе, қазір бұл салада қызмет етпейтінін мәлім етті. Дегенмен Түркияда Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы бар. Онда сол ұйымда вице-президент қызметін атқарады.

"Келесі жылы біз осы конфедерациямен бірге Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткіземіз. Бұл мәселеде оның тарапынан қолдау көрсетіледі деп үміттенеміз", - деп жауап берді Бақдаулет Сәбитов БАҚ өкілдерінің сауалына.

Еске салайық, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші, Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан 1,5 жылдан астам уақыт саясат сахнасынан көрінбей кетті. Осы уақыт аралығында ол не бітіргенін айтқан болатын.

А. Жапатова