Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы ретінде сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов 2019 жылғы маусымнан бастап 2022 жылғы маусымға дейін білім және ғылым министрі қызметін атқарған. Ал 2022 жылғы 11 маусымнан бастап Президент Жарлығымен оқу-ағарту министрі болып тағайындалған. Ол 2023 жылғы қаңтарда оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Ал ақпанда ол М.Нәрікбаев атындағы КазГЗУ-ге оқытушы ретінде қабылданған еді.
28 наурызда Асхат Аймағамбетов Amanat партиясынан Мәжіліске өткені белгілі болды.
Одан бөлек, Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы, Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!