Аймағамбетов қай жоғары оқу орнына жұмысқа тұрғаны белгілі болды

Аймағамбетов қай жоғары оқу орнына жұмысқа тұрғаны белгілі болды

Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне оқытушы ретінде қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Асхат Аймағамбетов бүгіннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқитын болады. 

"Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын", - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орнында ұстаз болып жұмыс істеуге дайындалып жатқаны хабарланған болатын. Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина