- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әйелімді құшақта деп...
"Әйелімді құшақта деп қолымды қойды". Әнші Ұланғасыр Қами тойдағы келеңсіз оқиғаға пікір білдірді
Әнші Ұланғасыр Қами тойдағы келеңсіз оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қызыл раушан", "Балқия" хит әндерінің орындаушысы, әнші Ұланғасыр Қамидің TikTok әлеуметтік желісінде мына бір видеосы кеңінен тарап, халықтың керағар пікіріне тап болды.
@kazak.toi #ұланғасырқамибалқия#рек#қызылраушан ♬ оригинальный звук - Kaz.too
Осы жағдайға байланысты әншінің өзі арнайы пікір білдірді. Тойларда көп жүретінін және мұндай келеңсіз оқиғаларға жиі тап болатыны туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатта айтты.
"Тойда болған оқиға. Бұл кісі менің жанкүйерім екен. Осы кезде 10-шы рет менімен фотоға түсіп жатыр. Бір кезде әйелімді құшақта деп қолымды әйелінің иығына апарып жатыр. Ыңғайсыз жағдайға қалғаным рас. Жұрт жұлдыз аурумен ауырып кетті деп ойлайтын шығар. Ауырғаным рас, бірақ бұл жерде жұлдыз болғаным жоқ. Кейін той тарқап жатқанда осы ағамыз батасын беріп, сәттілік тілеп шығарып салды", – деп түсіндірді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Ұланғасыр Қами қашан отбасы құратыны туралы айтқан еді. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Е. Ерболұлы