"Халқымның тойынан қол тимей жатыр". Әнші Ұланғасыр Қами қашан отбасын құратынын айтты

"Халқымның тойынан қол тимей жатыр". Әнші Ұланғасыр Қами қашан отбасын құратынын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Ұланғасыр Қами "Ұйқым келмейді" бағдарламасында жеке өмірі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, әзірше отбасын құруды ойлап жүрген жоқ екен. 

"Халқымның тойынан қол тимей жатыр. Өзімнің тойым дейтіндей қазір жүріп жүрген қызым да, сөйлесіп жүрген қызым да жоқ. Шынымды айтсам, қол тимей жатыр. 24-ке келемін. Алланың бұйырған бір маған деген жары бар ғой. Әлі кеш емес деп ойлаймын. Маған ерте үйленіп керегі жоқ шығар", - дейді әнші.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова