"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек "Қызықты weekend" бағдарламасында ел күтпеген жаңалықтарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, Алматы әншінің отбасы үшін қолайсыз қала болып тұр. Сондықтан басқа қалаға көшуге шешім қабылдаған.
"Алғашқы үйім мен көлігімді 2009 жылы алдым. Содан бері үш рет көштім. Жақында басқа қалаға көшуім мүмкін. Қай қала екенін айта алмаймын. Себебі Алматы қыздарыма жақпай, аллергия шығып кетті. Әйелім де ауырып қалып жатыр", - деді әнші.
Сонымен қатар, өнер иесі тойға шығатын қаламақысы туралы айтты.
"Қыз ұзату тойына 1,5 миллион теңге қаламақы аламын. Себебі біз той басталғаннан соңына дейін боламыз. Ал сүндет тойға 1,3 миллион теңгеге шығамын. Ал "Жігіттер" тобының қаламақысы - 2 миллион теңге. Бұл соманы топ мүшелерімен қатар продюсермен 20 пайыздан бөлісеміз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін "Елді таңдап қойдық". Ерке Есмахан шетелге көшу туралы ойын айтқаны туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Дәретханаға неге телефон алып кіруге болмайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!