"Елді таңдап қойдық". Ерке Есмахан шетелге көшу туралы ойын айтты

"Елді таңдап қойдық". Ерке Есмахан шетелге көшу туралы ойын айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан шетелге көшу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерке Есмаханға оқырмандарының бірі "Шет елде тұру ойда бар ма?" деп сұрақ қойған.

"Күйеуім жазда Алматыдан жер үй аламын деп, онымен ол ойдан қайттық. Ақылдаса келе 1 үй бар kz да, 2-ші үйді шетелден алайық деп шештік. Елді таңдап қойдық. Түбегейлі көшіп кетпесек те. барып айлап тұратын боламыз. Алла бұйыртса ол күн де алыс емес", - деп жауап берді әнші.

Еске салайық, бұған дейін Ерке Есмахан ажырасу тақырыбын қозғап, оқырмандарының сұрағына жауап берген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан