- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аяз салдарынан 90-ға...
Аяз салдарынан 90-ға жуық адам көз жұмды
Фото:
Tengrinews.kz
Кейінгі аптада АҚШ-та ауа райының қолайсыздығынан кем дегенде 89 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CBS News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Теннесси штатында 25 адам, Орегон штатында 16 тұрғын аяздың, қатты желдің салдарынан қаза тапқан.
Сонымен қатар, Пенсильвания, Иллинойс, Миссисипи, Кентукки, Вашингтон, Висконсин, сондай-ақ, Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттарында адам өлімі тіркелген.
Кейбір өлім дерегі нақты ауа райына байланысты екенін растау үшін әлі де тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда да ауа райының қолайсыздығына қатысты ескерту жарияланған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек