Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 18 қаңтарда елдің алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с болады.

Шымкентте түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан