Әдетте, аяқтың шаршағаны күннің соңында білінеді: ол сырқырап ауырады, ісіп кетеді, ауырлық пайда болады немесе шаншып ауырады. Аяқтағы жағымсыздықты халық әдістерімен және дәріханаларда сатылатын мазь немесе гельдермен кетіруге болады.
Аяқ не үшін шаршайды?
Оның бірнеше себебі бар:
- Физикалық белсенділік;
- Екі аяқта жұмыс істеу немесе қарқынды спорт;
- Ыңғайсыз аяқ киім (мысалы, биік өкшелі немесе тар аяқ киім) кию;
- Ұзақ уақыт бойы отырып немесе бір орында тұрып жұмыс істеу;
- Артық салмақ;
- Физикалық белсенділіктің жетіспеуі;
- Варикоз және тағы басқа сол секілді қан тамырлар проблемасы;
- Мазасыз аяқ синдромы (аяқты қозғай бергіңіз келеді);
- Ұйқының және демалыстың жетіспеуі;
- Артрит, қант диабеті секілді медициналық жағдайлар;
- Жүктілік.
Аяқтың шаршағанын басудың халықтық әдістері
- Жаттығу жасау. Шаршағанды қарапайым жаттығулармен, мысалы, аяқты жүрек деңгейінен жоғары көтеру арқылы басуға болады. Бұл қанайналымның жақсаруына және аяқтағы жүктеме мен ісінуді азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ созылу жаттығулары мен йога да пайдалы;
- Суық және ыстық суға түсу. Қанайналымды ынталандыру үшін суық және ыстық суды кезектестіріп суға түсіңіз. Сондай-ақ тұз салынған ванна қабылдаңыз. Суға эфир майларын да қосуға болады. Мысалы, лаванда немесе мелисса майлары тыныштандырушы әсерге ие;
- Массаж жасау. Жеңіл массаж қанайналымды жақсартуға және бұлшықеттерді босаңсытуға көмектеседі. Табаныңызды және балтырыңызды уқалаңыз;
- Суық компресс жасау. Суық компресс ісінуді басады және аяқтың ауырғанын кетіреді.
Аяқтың шаршағанын басу үшін дәріханаларда сатылатын мазьдер мен гельдерді де қолдануға болады. Олар қыздыратын және салқындататын деп бөлінеді. Олар ауырсынуды басатын, қабынуды кетіретін, ауырлықты түсіретін, қан тамырлар тонусын арттыратын және тіндердің қалыпқа келуін арттыратын қасиеттерге ие.
Аяғыңыз шаршап қалмас үшін аяқ қалпын ауыстырып тұрыңыз және қысқа үзілістерді жиі жасаңыз. Ыңғайлы аяқ киім киіңіз. Ісіну болмас үшін және қалыпты қанайналымды сақтау үшін суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз. Сапалы ұйқы жылдам қалыпқа келуге көмектеседі.
Оқи отырыңыз: Варикозға себеп болатын 7 қателік