Варикозға себеп болатын 7 қателік
Фото: freepik.com

Варикозға себеп болатын 7 қателік

Қазір варикоз — әйелдер арасында кең тараған аурулардың бірі. Соған қарамастан, әйелдердің көпшілігі бұл ауру жайлы дұрыс білмейді, сондықтан да оның ұлғайып кетуіне жол береді. Варикоздың пайда болу қаупін арттыратын әйелдер жиі жіберетін қателіктерді ұсынамыз.

1-қателік: Ұзақ бір орында отыру

Аяқ көктамырындағы қан төменнен жоғарыға қарай гравитация күшіне қарсы жүрекке қайтады. Біз қозғалғанда балдыр бұлшықеттері жиырылып, көктамырларды басады, солайша қан қайтуын ынталандырады. Оның дұрыс ағымы көктамыр қақпақшасын қамтамасыз етеді. Олар қанды жүрекке өткізеді, бірақ кері бағытта жүруге мүмкіндік бермейді.

Біз отырғанда немесе тұрғанда қанның кері қайтуын бодырмас үшін қақпақшалар жабылады. Мұндай күйде ұзақ болу қаннның тұрып қалуына әкеледі, ал ол қантымырларды созылуға мәжбүрлейді. Егер үнемі мұндай жүктеме түсетін болса, қақпақшалар жұмысының бұзылуы және варикоз дамуы мүмкін. Сондықтан бұл ауруға кеңседе жұмыс істейтін және жалпы аз қозғалатын адамдар шалдығады.

2-қателік: Екі аяққа күш түсіру

Ұзақ уақыт екі аяқта тұру да варикоздың даму қаупін арттырады. Себебі бұл кезде де қан гравитация күшіне қарсы жүру керек болады. Оның кері қайтуы көктамыр қақпақшаларын тоқтатады. Бұл кезде қақпақшалар да, қантамырлар да қиналады. Нәтижесінде, мұғалімдер, дәрігерлер, шаштараздар, бет әрлеушілер және ұзақ бір орында тұрып жұмыс істейтін басқа да адамдар жиі көктамыр ауруымен қиналады.

3-қателік: Ауыр жаттығулар жасау

Өте қарқынды жаттығулар ағзаға пайда әкелмейді, тіпті, кей жағдайда зиян келтіруі мүмкін. Бұл әсіресе, артық ішкі қысым пайда болатын күштік жаттығуларға қатысты айтылған. Ауыр көтерген кезде қантамырлардағы қысым артады: ол варикоз ауруының дамуына ықпал етеді.

4-қателік: Жаяу жүруге еріну

Қозғалыс кезінде бұлшықеттер жиырылып, көктамыр қанының қайтуы ынталанады. Егер біз жаяу аз жүріп, оның орнына тек жеке немесе қоғамдық көлікпен жүрсек, көктамыр жүйесінің жұмысы қиындай түседі. Аз қозғалысты өмір салты қан тоқтап қалуының және ісінудің пайда болу мүмкіндігін арттырады.

5-қателік: Ыңғайсыз аяқ киім кию

Өкшесі биік жіңішке туфли — күнделікті жүріске киетін сәтті аяқ киім емес. Биік өкше үшін бұлшықеттер дұрыс емес жұмыс істейді: олар аса тырысады да, қан қайтуын жеткілікті түрде тиімді ынталандырмайды. Басы үшкір тар аяқ киім табанның алдыңғы бөлігіне, сәйкесінше, қантамырларға қысым түсіреді. Нәтижесінде, қан айналым да бұзылады.

6-қателік: Дұрыс тамақтанбау

Тұзды және ауыр тамақты, жылдам көмірсуларды көп жеу қанды тұтқыр етеді де, оның қайтуын нашарлатады. Дұрыс емес тамақтанудан пайда болған артық салмақ көктамыр жүйесіне артық күш түсіріп, көктамырлар жағдайына жағымсыз әсер етеді.

7-қателік: Компресиялық трикотажды елемеу

Компрессиялық трикотаж көктамыр қанының дұрыс қайтуына ықпал етеді. Мұндай бұйымды, әсіресе, варикоз қаупі бар топқа кіре тұра кимесеңіз, ол үлкен қателік. Копрессиялық трикотажды отырып немесе тұрып жұмыс істегенде, қарқынды физикалық жаттығулар жасағанда, ұзақ жолға шыққанда және жүкітілк кезінде кию ұсынылады.

А. Жапатова