Ауа температурасына қарамастан үнемі аяқ-қолы мұздап жүретін адамдар бар. Көптеген адам бұл физиологиялық ерекшелік деп ойлайды. Бірақ бұл жағымсыз сезім емді қажет ететін ауру белгісі болуы мүмкін. Гинеколог Ольга Уланкина "Doctorpiter"-ге қандай жағдайда бұл қалыпты, ал қай кезде дәрігерге көріну керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егер адам суық мерзімде далада ұзақ уақыт болса немесе салқын ғимараттың ішінде көп уақыт отыруға мәжбүр болса, тоңып қалу қалыпты нәрсе.
"Мұндай жағдайда жылдам жылыну маңызды: дымқыл киімді шешіп, ыстық шай ішіп, көрпенің астына жатыңыз және жылы душ немесе ваннаға түсуге болады. Бұл әдістер жылынуға және тұмаудың даму қаупін азайтуға көмектеседі", - дейді дәрігер.
Ал егер қол-аяғыңыз ауа температурасына қарамастан үнемі тоңа берсе, бұл денсаулыққа қатысты проблеманың белгісі болуы мүмкін.
"Әдетте "ақ безгек" кезінде аяқ-қол мұздап кетеді және шеткі қан тамырлар спазмымен қатар жүреді. Оның басқа белгілеріне 38 °C және одан жоғары дене температурасы, терінің көгеруі, жүрек соғысының жиіленіп кетуі жатады. Мұндай жағдай жиі балаларда болады және ол кезде жедел жәрдем шақыру керек", - дейді Ольга Уланкина.
Ересектерде аяқ-қолдың тоңғақтығы жиі артериялық гипотониямен (төмен қан қысымы) байланысты.
"Егер адам мұндай жағдайды жеңіл өткерсе, гипотония қалыпты болуы мүмкін. Мысалы, спортшылар немесе тропикте, биіктаулы аймақтарда тұратын адамдарда солай болады. Бірақ көп жағдайда төмен қан қысымы жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысындағы жаңылысты көрсетеді", - деп ескертті дәрігер.
Аяқ-қол тоңғақтығының тағы 5 себебі
"Оның басқа себептеріне Рейно синдромы, ағза жеткілікті мөлшерде дәрумендер мен минералдар ала алмайтын қатаң диеталар және темекі тарту жатады", - дейді дәрігер.
Не істеу керек?
Бұл проблеманы жан-жақты шешу керек.
"Дәрігер сзді қандай белгілер мазалайтынын біліп, жалпы және биохимиялық қан анализіне, холестерин, глюкоза, қалқанша без гормондарының деңгейін тексеруге жібереді. Сондай-ақ қан тамырлар мен қалқанша безді УДЗ-ға түсіруді ұсынады, - деді маман. – Аяқ-қол тоңғақтығы байқалатын көптеген ауруды емдеуге немесе бақылауда ұстауға болады».
Оқи отырыңыз: Сүйектер мен буындарға зиян келтіретін әдеттер