Әлеуметтік желіде Жұлдыз Абдукаримованың аяғы қызу талқыға түскен еді. Ол Instagram-парақшасында осы сынға қатысты пікір білдірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Түркияда күнге күйгенін жазған.
"Түрім қалып, енді аяғым хит болып жатыр дей ме? Түркияда күнге қатты күйгенімді білесіздер. Дұшпан аяққа қарайды деген рас-ау... Загар мен кірді ажырата алмаса керек әлде білсе де әдейі солай деді ме екен... Қажалса, менің де аяғым ет пен сүйектен тұрады. Кей күндері түсірілімдерді таңға дейін бізөкшемен өткіземіз. Менен "кір іздеймін" деп тура мағынасында іздеп кетті-ау деймін. Жарайды іздейтіндер таба берсін", - деп жазды ол Желіде.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова балаларымен бірге Түркияда демалғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!