"Санторини, сен маған қатты ұнадың!" Танымал қазақстандықтар қайда демалып жүр?
Фото: Instagram-парақшаларынан

"Санторини, сен маған қатты ұнадың!" Танымал қазақстандықтар қайда демалып жүр?

Жазда көпшілігі шет ел аралап, демалғанды жөн көреді. Ал белгілі өнер адамдары қайда демалып жүр? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.

Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков қайда демалып жүр?

gulziraaidarbekova Instagram-парақшасынан

Продюсердің сөзінше, бұл жолы демалысқа жолдасы әкелген.

"Шет елге саяхаттауды ұнатпаймын" деп жүрген Нұрекең "демалғың келіп жүрсе, өзім-ақ алып барайын" деп, билеттерімізді жылдам дайындатып ...осында келіп қалдық. Арқа сүйер асқар тауымыз аман болсын!" - деді Гүлзира Айдарбекова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Гүлзира Айдарбекованың Instagram-парақшасындағы сурет-видеоларға және ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, олар орналасқан курорттық қонақүй Саадият аралы ауданында, Лувр Абу-Дабиден 3,7 шақырым қашықта орналасқан.

Қайрат пен Жұлдыз қайда?

zhuldyzabdukarimovaofficial Instagram-парақшасынан

Ел ішінде қызу талқыланған жұлдызды жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова да балаларымен бірге отбасылық демалыста. Олар демалыстың фото-видеоларын белсенді түрде Желіге жариялап отырады. 

Жұлдыз Абдукаримованың өзі де Түркияда демалып жатқанын, үлкен ұлы Нарұл ғана келе алмай қалғанын айтқан болатын. Кейінірек оларға Нарұл да қосылған.

"Нарұл "Один домадағы" Кевин болды. Аман-есен жанымызға жетті. Ұшақта жалғыз ұшып келе жатқанын біліп, ерекше қамқорлықпен қараған жолаушыларға, жолсеріктерге рақмет. Хан ағасын қатты сағыныпты", - деп жазды актриса.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Алтынай Жорабаева қайда демалып жатыр?

altynaizhorabayeva Instagram-парақшасынан

Әнші әлеуметтік желіде Түркияға отбасылық демалысқа бара жатқан видеоларын жариялаған. Олар Аланияға барған.

"Аланияға қош келдік", - деп жазған әнші екі күн бұрын Желіде.

Ашық дереккөз мәліметінше, бұл жер Жерорта теңізі жағалауындағы Тавр тауларының етегіндегі түбекте орналасқан. 

Мадина Садуақасова қайда барды?

sadvakasovamadina Instagram-парақшасынан

Ол Instagram-парақшасында отбасымен Абу Дабиге барғанын айтты.

"Абу Даби. Ауа райы 39 градус. Алдағы күндер осы сұлулықтың ішіндеміз", - деген еді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

"Рахаттанып демалдық, Мадикош Абу Дабиде. Жаным, тәнім, көзім де демалды. Теңіз, әдемі қонақүй, түрлі тағам, хош иіс, музыка…", - деген әнші демалыс аяғында.

Ашық дереккөз мәліметі бойынша, Абу-Даби - Біріккен Араб Әмірліктері мен Абу-Даби әмірлігінің орталығы.

Сәкен Майғазиев қай елде жүр?

saken_maigaziyev Instagram-парақшасынан

"МузАрт" тобының мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиев жұбайымен бірге ел аралап жүр.

"Ежелгі Римнен сәлем, достар!" - деп жазған әнші әлеуметтік желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Ол кейінірек Италияда екендерін айтқан.

"Италиядан ыстық сәлем! Әлемді саяхаттау сіздерге де бұйырсын. Тілектес жандарға алғыс білдіреміз", - деді ол.

Сондай-ақ, әнші Санториниде демалып жүрген сәттерін Stories-те көрсеткен.

"Санторини, сен маған қатты ұнадың. Тағы да қайтып келуді нәсіп етсін", - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Дереккөздерге сүйенеск, Санторини (ресми атауы - Тира) - Эгей теңізіндегі Грекияға тиесілі Циклад аралдарының бірі.

Ж. Қадыржанова