- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауыздан шығатын жағымсыз...
Ауыздан шығатын жағымсыз иіс ішегіңіз ауыратынын білдіруі мүмкін бе? Дәрігер жауап берді
Ауыздан шығатын жағымсыз иіс қышқыл рефлюксі, қызыл иек ауруы, тонзиллит немесе ащы тағамдарды тұтынумен байланысты болуы мүмкін. Дәрігер Зои Уильямс ауыздағы жағымсыз иіс ішек ауруының белгісі екенін қалай анықтауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "dailymail.co-ға" сілтеме жасап.
Адам микробиомасы ішекте өмір сүреді, микробиомо мимен байланысатын мыңдаған микроағзадан тұрады және вагус нерві арқылы миға дабыл жіберіп отырады. Егер бактерия саны шамадан тыс көбейіп кетсе, бұл ауыздан шығатын жағымсыз иісті тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, сарапшының сөзінше, асқазан жарасына шалдығу қаупін арттыратын Helicobacter pylori бактериясы күкіртті сутек шығаратындықтан, ауыздан жағымсыз иіс шығуының себепшісі болуы мүмкін.
Тыныс алу жолдарында күкіртті сутектің болуы қалыпты жағдай болғанымен, оның жоғары деңгейі ас қорыту жүйесінің кейбір ауыр ауруларымен байланысты. Сондықтан ауызыңыздан шығатын жаман иіс ішегіңіз ауыратынының дабыл қоңырауы болуы әбден мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін ауыздан шығатын жағымсыз иісті қалай кетіруге болатыны хабарланған еді.
Галитоздан құтылатын бірнеше пайдалы кеңестер:
- Тіс гигиенасы – күніне кемінде екі рет тісіңізді жуыңыз. Мүмкін болса, оларды әр тамақтан кейін тазалаңыз;
- Тіс щеткасын үнемі ауыстырып отырыңыз немесе ультрадыбысты тіс щеткасын сатып алыңыз. Ол тісті жақсы тазартады;
- Темекі шекпеңіз;
- Егер аузыңыз құрғап кете беретін болса, бір күн ішінде жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіңіз, құрғақ ауыз қуысына арнайы спрей немесе ылғалдандыратын гельді де қолдануға болады. Егер жақсару байқалмаса, дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.
Тағы да оқи отырыңыздар: Желтоқсан айында дүниеге келген адамдар қандай болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә