- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауыздан шығатын жағымсыз...
Ауыздан шығатын жағымсыз иіс қандай аурулар туралы айты мүмкін?
Ауыз қуысының гигиенасын сақтасаңыз да, жағымсыз иіс шығып тұра ма? 90 пайыз жағдайда бұл тіс тастары, жегісі, стоматит, периодонтит секілді аурулармен байланысты. Бұл туралы стоматолог-терапевт Павел Писарев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.ru" сілтеме жасап.
Дәрігердің сөзінше, жағымсыз иіс тісжегі, ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары және сапасы төмен протездің белгісі. Мұндай кезде ащі иіс үнемі шығып тұрады, ал гигиеналық құралдар тек уақытша көмектеседі.
Сонымен қатар, ол жағымсыз иіс басқа патологиялардың да дамып жатқанын білдіретінін ескертті. Мысалы, аммиакқа ұқсас иіс бүйрек жеткіліксіздігінің белгісі.
"Бүйректің міндеті - қандағы улы заттарды жойып, зәр шығару, бірақ бүйрек зақымдалып, қалдық пен қауіпті токсиндерді сүзе алмаса, ол басқа органдарға да әсер етеді", - деді маман.
Ал қант диабетімен ауыратын адамдар ацетон немесе жеміс иісіне ұқсас жағымсыз иісті сезетін болса, бұл кетоацидоздың дамуын көрсетуі мүмкін. Бұл ағзада инсулин жетіспейтіндіктен, энергияны май қышқылдарынан алатын өткір жағдай. Мұндай кезде қышқыл кетондар пайда болады, олар қанда көп жиналса, салдары тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Бұдан бөлек, Павел Писарев жағымсыз иістің себебі асқазан-ішек жолдарының әртүрлі аурулары болуы ықтимал екенін жеткізді. Мысалы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруымен ауыратын адамдардың аузынан қышқыл иіс шығады, ал он екі елі ішектің жарасы мен қабынуы кезінде шіріген жұмыртқаның иісі болады.
Айта кетейік, бұған дейін ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иісті қалай кетіруге болатыны хабарланған болатын.
- Тіс гигиенасы - күніне кемінде екі рет тісіңізді жуыңыз. Мүмкін болса, оларды әр тамақтан кейін тазалаңыз.
- Тіс щеткасын үнемі ауыстырып отырыңыз немесе ультрадыбысты тіс щеткасын сатып алыңыз. Ол тісті жақсы тазартады.
- Темекі шекпеңіз.
- Егер аузыңыз құрғап кете беретін болса, бір күн ішінде жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіңіз, құрғақ ауыз қуысына арнайы спрей немесе ылғалдандыратын гельді де қолдануға болады. Егер жақсару байқалмаса, дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.
- Тіс дәрігеріне үнемі барып тұрыңыз. Есіңізде болсын, галитоздың ең көп таралған себебі гигиенамен байланысты.
Тағы да оқи отырыңыздар: 160 г SO3 сумен реакцияға түссе, қанша грамм күкірт қышқылы (H2SO4) түзіледі?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә