Ауыздан тісжегі немесе жеген тамағыңызға қарай жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Сондай-ақ ол кейде денсаулыққа қатысты қауіпті проблеманы көрсетуі мүмкін. Проблема болмағанның өзінде жағымсыз иісті айналаңыздағы адамдар сезеді. Көпшілік бұл проблемадан арылу үшін жиі сағыз шайнайды. Алайда дәрігерлер сағызды жиі және ұзақ шайнауға кеңес бермейді. Токсиколог Михаил Кутушовтың айтуынша, ауыздағы жағымсыз иістен әр үйде болатын дәмдеуішті шайнау арқылы арылуға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.
"Егер аузыңыздан жағымсыз иіс шығатынын байқасаңыз, сағызды қалампырмен алмастырыңыз. Қалампырды шайнау тіс пен тіс еті жағдайын жақсартуға көмектеседі", - деп кеңес берді Михаил Кутушов.
Қалампыр тек аспаздықта емес, ароматерапияда да кең қолданылады. Дәрігердің айтуынша, қалампырдың емдік қасиеттері бар.
Михаил Кутушов қалампырдың төрт пайдалы қасиетін атады:
Маңызды
Қалампырды асқазаны ауыратын, әсіресе, асқазан жарасы бар адамдарға жеуге болмайды. Сондай-ақ дені сау адамдарға да оны көп мөлшерде жемеген дұрыс, себебі ол ұйқышылдық шақыруы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Куркума қосылған суды қалай ішу керектігін білесіз бе?