Ауғанстанда тағы бір жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер асты дүмпулері 11 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 06:44-те тіркелді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1549 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14,1. MPV магнитудасы - 6,3", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 7 қазанда таңертең 6,3 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде болды.
Еске салайық, бұған дейін Ауғанстанның батысындағы жер сілкінісі құрбандарының саны екі мыңнан асқаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алтын мен күміс бұйымдарды қалай тазартуға болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!