Ауа райының қолайсыздығына байланысты 35 жолаушы пойызы кешікті - министр

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 35 жолаушы пойызы кешікті - министр
Фото: t.me/PR_KTZh

Көлік министр Марат Қарабаев ауа райының қолайсыздығына байланысты елімізде 35 жолаушы, 22 жүк пойызы кешіккенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Иә, аномальды ауа райына байланысты оңтүстік өңірлерде 22 жүк, 35 жолаушы пойызы уақытынан кешікті. Мұнда боран соғып, дала көрінбей қалды. Минус 40 градус аяз болды. Шынымен де, бұл оңтүстік өңірлер үшін аномальды ауа райы болып саналады. Мысалы, желдің күші секундына 40 метр, кейбір жерде 70 метрге жетті", - деді Марат Қарабаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске салайық, бұған дейін ҚТЖ 21 пойыз кешігетінін хабарлаған еді.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz