Ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 пойыз кешігеді - ҚТЖ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 пойыз кешігеді - ҚТЖ
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Биыл 15 желтоқсанда Жамбыл облысы Қордай және Шу аудандарының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл аудандарда қатты жел соғып, аяз түскен. Осыған байланысты ҚТЖ станцияға келетін мына пойыздар кешігетінін хабарлады:

  • № 9 Алматы-Нұр-Сұлтан-1 11.00 сағатқа;
  • № 72 Шымкент-Нұр-Сұлтан 06.00 сағатқа;
  • № 3 Алматы-Нұр-Сұлтан 10 сағат 30 минутқа;
  • № 27 Алматы-Орал 9 сағатқа;
  • № 86 Шымкент-Нұр-Сұлтан-1 06.00 сағатқа;
  • № 1 Алматы-Ташкент 14 сағат 40 минутқа;
  • № 11 Алматы-Шымкент 8 сағат 30 минутқа;
  • № 22 Қызылорда-Семей 08.00 сағатқа;
  • № 21 Семей-Қызылорда 08 сағат 20 минутқа;
  • № 43 Алматы-Қостанай 08.00 сағатқа;
  • № 77 Алматы-Маңғыстау 02 сағат 30 минутқа;
  • № 29 Алматы-Атырау 07 сағат 20 минутқа;
  • № 7 Алматы-Саратов 04 сағат 30 минутқа;
  • № 45 Павлодар-Түркістан 03 сағат 40 минутқа;
  • № 75 Петропавл-Қызылорда 03 сағат 20 минутқа.
  • № 33 Алматы-Ақтөбе 06 сағат 30 минутқа;
  • № 506 Жезқазған-Алматы 5 сағат 13 минутқа;
  • № 509 Алматы-Орал 06 сағат 37 минутқа;
  • № 511 Алматы-Атырау 02.00 сағатқа;
  • № 52 Орал-Алматы 12 сағат 36 минутқа;
  • № 42 Атырау-Алматы 10 сағат 49 минутқа.

Биыл 15 желтоқсанда № 51/52 Алматы 2-Орал және № 41/42 Алматы 2-Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі де өзгерген.

"Тальго № 41/42 Алматы 2 -Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар № 511/512 Алматы 2-Атырау стандартты пойызымен, ал № 51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына билеттерді сатып алған жолаушылар № 509/510 Алматы 2-Орал стандартты пойызымен жүреді", - деп жазылған ұлттық компания таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пойыздар кешігіп келетінін, вагондар тозғанын білетінін айтқан еді.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz