- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы: Еліміздің...
Ауа райы: Еліміздің басым аумағында күн жылынады
Синоптиктер 5-7 қараша күніне арналған ауа-райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, таяу күндері ауа-райы қарлы, бірақ жылы болады. Еліміздің батысына тұман түсіп, оңтүстік, шығыс және орталықта циклонның әсерінен жел күшейеді.
"Еліміздің басым аумағында түнгі температура -5 және +5 аралығында, күндіз -2 және +3 аралығында, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста 5-10 градус жылы болады. Демалыс күндеріне қарай суық ауа массаларының әсерінен елімізде күн суытады, оңтүстікте күндіз 2-7 градус жылы, ал қалған өңірлерде 0-5 градус суық болады", — деп хабарлады метеорологтар.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа-райының қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа-райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін