- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы болжамы:...
Ауа райы болжамы: Қазақстанның кей аймағында қар жауады
Фото:
massagetkz
15-17 наурыз аралығында қарлы және жауын-шашынды күтіледі, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны. Сонымен қатар республиканың солтүстігінде боран соғып, көктайғақ болады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан жері алдымен Оңтүстік-Каспий циклонының ықпалында болады, кейін оған Ресейдің Еуропа бөлігінің солтүстік аудандарындағы суық арктикалық фронт қосылады. Сондықтан да республиканың басым бөлігінде жауын-шашын сақталып, солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Сонымен қатар жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін жел тұрып, көктайғақ болады. Оңтүстікте жаңбыр күтіледі, таулы аймақтарда жылымық қар жауып, тұман болады.
Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы төмендегенімен, бұрынғыша қалыптыдан жоғары болады.
Дереккөз:Tengrinews.kz
С. Ерсін