- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы: Алдағы...
Ауа райы: Алдағы үш тәулікте оңтүстікте күн бұзылады
Фото:
fotosuret.wordpress
Синоптиктер 17-19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік бөлігіне нағыз қысқы ауа райы орнады. Бұл аумақтың ауа райына Сібір антициклонының тармағы әсерін тигізіп отыр, осыған байланысты қар жауып, боран соғып, түнде 20 градусқа дейін суық болды.
"Ал Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті циклон құрылып жатыр. Ол республикамыздың оңтүстік аудандарына ығысатын болады. Сондықтан оңтүстікте жауын-шашын болып, қар аралас жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді", − деп хабарлады синоптиктер.
Оңтүстікте түнде 0 градус, кей жерлерде 5 градус суық болады деген болжам бар.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін