- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атыраудың экс-әкімі Қайрат...
Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды
Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
10 қарашада оның ұсталғаны белгілі болды. Прокуратура Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.
Тергеу аясында Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталып, Атырау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев екі ай мерзімге қамауға алынғаны белгілі болды.
"Атырау мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 11 қарашадағы қаулысы бойынша Қ.Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", - деді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Оразбаев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ұсталған болатын.
"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады 10 қарашада Атырау облысының прокуратурасы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан