Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды

Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды
Фото: azh.kz

Атырауда жер телімдерін заңсыз сатты деген күдікпен бірнеше шенеунік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысының прокуратура өкілдері редакцияға бұл іске қатысты қаланың экс-әкімі Қайрат Оразбаевтың ұсталғанын растады. 

Атырау облысының прокуратурасы қала әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты жерді заңсыз бөлу дерегі бойынша соталды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл 9 қарашада осы іс аясында Атыраудың экс-әкімі Оразбаев Қ.Қ. ұсталды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді", - делінген жауапта. 

Оразбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, Қайрат Оразбаев 2020-2022 жылдары әкім болып жұмыс істеген еді. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін бірден қызметінен шеттетілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек