Атырауда төрт адамды аяусыз өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында негізгі дәлелдер көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотта көрсетілген бейнематериалдардың бірінде қылмыс жасағаннан кейін Сұлтан Сәрсемәлиев жұбайы Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге шекарадан қалай өткені айтылады.
Сот мәліметінше, 2025 жылы 9 желтоқсанға қараған түні Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева "Қапланбек" өткізу бекетінде байқалған. Олар Өзбекстан шекарасынан өтіп, Ташкентке бағыт алған.
Тергеу мәліметіне сүйенсек, одан кейінгі жол былай өрбіген:
24 ақпанда Индонезияның көші-қон қызметі Сұлтан Сәрсемәлиев пен әйелін виза режимін бұзғаны үшін ұстаған. Кейін олар депортацияланған.
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды.
Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:
2026 жылы 18 мамырда атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!