Әлеуметтік желіде Атырауда 13 жастағы қызды зорламақ болған күдікті қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Полицейлер ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде 6 желтоқсанда қызды зорламақ болған жерінде ұсталған ер адам ішкі ағзадан қан кетуі салдарынан, камерада қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Атырау облысының Полиция департаменті өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"6 желтоқсанда жасөспірімді зорламақ болған жерінде ұсталған адамның қамауда қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша жауапты екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, бұл дерек бойынша жалған ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда ер адам 13 жастағы қызға тиіскені хабарланған болатын. Кейінірек оқиғаның видеосы жарияланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!