Атырауда көпірден секіріп кеткен жасөспірімнің денесі бес күн өткен соң табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 3 қарашаға қараған түні жаяу жүргіншілер көпірінде болған еді. Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, сол күні екі қайықпен 8 құтқарушы іздеу жұмыстарына кіріскен, бірақ нәтиже болмады.
Ал бүгін мәйіт Жилгородок көпірінің маңынан табылғаны белгілі болды.
"Сағат 14:40-та Төтенше жағдайлар департаменті күшімен жасөспірімнің денесі Жайық өзенінен табылды. 10 құтқарушы, 3 қайық және 1 техника жұмылдырылды", - деді Атырау облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда жасөспірім көпірден секіріп кеткені хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!