Атырауда жасөспірім көпірден секіріп кеткен

Атырауда жасөспірім көпірден секіріп кеткен
Фото: 3d-maps.kz

Атырауда жасөспірім көпірден секіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 қарашаға қараған түні жаяу жүргіншілер көпірінде болды. 

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті екі қайықпен 8 құтқарушы жасөспірімді іздеп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, биыл Атырау облысында 38 бала өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Өкінішке қарай, олардың 9-ы уақытылы көмек ала алмаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова