Атырауда 14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Атырау шағынауданындағы Жайық жағасынан белгісіз ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазір мүрде 2023 жылы 13 маусымда суға кетіп, сүңгуірлер денесін таба алмаған 2008 жылы туған жасөспірім деген күдік бар. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Құлсарыда әкесімен бірге үйін қарауға кеткен жігіт те өлі табылғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!