Құлсарыда әкесімен бірге суға кеткен жігіт те өлі табылды

Құлсарыда әкесімен бірге суға кеткен жігіт те өлі табылды
Фото: ТЖД

Құлсарыда әкесімен бірге суға кеткен жігіт те өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та ТЖД күштерімен 2000 жылы туған баласының денесі өз тұрғын үйінен 1 шақырым қашықта 1.5 метр тереңдікте су астынан табылды.

Еске салайық, 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі мен 2000 жылы туған баласы су басқан үйін көруге барған болатын. 1976 жылы туған ер адам бүгін өлі табылды. 

Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына қарамастан іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 40 жеке құрам, 1 бірлік техника, 6 бірлік жүзу құралы жұмылдырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина