Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Кудряшово ауылында адамның бас сүйегі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде адамның бас сүйегі табылған сәттің видеосы тарап кетті. Су тасқынына қарсы топырақ бөгеттерін салу кезінде белгісіз адамның сүйегі табылған.
Басылым мәліметінше, адамның бас сүйегі мен қаңқа сүйектері 6 сәуірде Құрманғазы ауданы Кудряшово ауылында табылған.
Бұл жайтқа қатысты Атырау облысының полиция департаменті өкілдері ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 35-бабының 2-тармағының 1-бөлігі негізінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты өндірісті тоқтату туралы шешім шығару жоспарланды деген пікір білдірген.
Еске салайық, бұған дейін де Атырау облысында су тасқынына қарсы бөгет жасау кезінде адам сүйектері табылғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!