- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Атып өлтіріп тастайды"....
"Атып өлтіріп тастайды". Елімізде рейдерлікке ұшырағандар мәселесін айтуға қорқады
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев рейдерлікке ұшырап, мүлкінен айырылған қазақстандықтар мәселесін айтуға қорқатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін елімізде кейбір экономикалық қылмыстар үшін жаза жеңілдейтіні хабарланды.
Отырыста Жигули Дайрабаев рейдерлікке ұшыраған кейбір тұрғындар құқығын қорғай алмайтынын жеткізді. Себебі, олар қорқады.
"Жасыратыны жоқ, қазір біз Парламентке депутат болып келгелі бұл мәселе жиі көтерілетін болды. Бұрын қоғамда рейдерлікпен тартып алынған заттарды, дүние-мүлікті өзінің атына қорқытып жазғызып алған. Мұны айтайын десе, атып өлтіріп тастайды. (Олар) содан қорқып жүрді. Қазір біздің біраз әріптесімізге (олар) хат жазып, басымызды ауыртып жатыр. Кейбір адамдар түрмеге қамалды. Осы заңның аясында дүние-мүлікті заңдастыруға бола ма? Аталған мәселе осы заңдарда қарала ма?", - деп ол өзекті мәселені көтерді.
Депутат Абзал Құспан жұмыс енді басталғанын атап өтті,
"Бүгін тек заңның жалпы таныстырылымы болды. Осы ұсыныстардың барлығын қарастырайық. Жұмыс барысында қосымша механизмдерді енгізейік", - деді депутат.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен