“Атамның соңғы аманаты орындалатын болды“ - Мұхтар Шахановтың немересі

Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері Мұхтар Шаханов Отырарда жерленеді. Бұл туралы ақынның немересі Қайырхан Балғабеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленетін болды", - деді ол.

Threads желісінен

Бұған дейін желіде әйгілі ақын Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты делінетін хат тарады. Онда ақын көзі тірісінде ата-бабасының мекені Отырарда, Арыстан баб кесенесі маңына жерлеуді сұрағаны айтылады. Алайда кейінірек Қазақстан жазушылар одағы ақын Кеңсай-2 зиратында жерленетінін хабарлады. Ақынның немересі бұл жайтқа қатысты (жерленетін орны - еск.) "өзгерді" деп жауап берген.

Айта кетейік, 19 сәуірде Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келген. Ол - ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері (2022 ж.), Қазақстанның Халық жазушысы (1996 ж.), Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994 ж.).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!