Асу Алмабаевтың рейтингілік жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

Асу Алмабаевтың рейтингілік жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды
Фото: UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) келесі қарсыласының есімін жариялады, - деп хабарлайды msports.kz тілшісі. 

Асу 19 қазан күні Лас-Вегаста бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) кездесетін болды.

Николау UFC-гі жеңілірек салмақтағы спортшылар рейтингінде 10-орында тұр. Асу болса 15-ші сатыда. Бұл отандасымыздың алғашқы рейтингілік жекпе-жегі болмақ. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асу Алмабаев (@asu_zulfikar57)

Асу UFC ұйымдастырған үш турнирге қатысып, үшеуінде де жеңіске жетті. Бұл оның үздіктер қатарына қосылуына жол ашты. 

Қазақстандық спортшы соңғы рет UFC Vegas 93 турнирінде Хосе Джонсонмен шайқасты. Жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылып, отандасымыз төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен еді. 

О. Сансызбай