Астанада самса дайындайтын жерде жарылыс болды: ТЖМ қазіргі жағдайды айтты

Астанада самса дайындайтын жерде жарылыс болды: ТЖМ қазіргі жағдайды айтты
Фото: Tengrinews.kz

Астанада құтқарушылар газ-ауа қоспасы жарылуынан болған оқиғаның салдарын жойып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Байқоңыр ауданында Ш.Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағында екі қабатты әкімшілік ғимаратта көлемі 50 литр болатын газ баллонының газ-ауа қоспасы жарылған.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жеткен.

"Барлау барысында құтқарушылар зардап шеккен үш адамды анықтады. Олардың барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Оқиға ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде болған. Жарылыс салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылды", - деді құтқарушылар.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанада самса пісіретін орында жарылыс болғаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget