Астанада "Сапа" базары аумағындағы тандыр самса дайындайтын орында газ баллоны жарылды. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиға туралы хабарлама 102 арнасына сағат 08:55-те түскен. Жарылыс Жиенқұлов көшесі, 9 мекенжайында болды.
Полиция тандырханада 50 литрлік газ баллоны жарылғанын нақтылады. Осыдан кейін төбенің бір бөлігі мен есік ойық опырылып түскен, сондай-ақ, жақын маңда тұрған Toyota көлігіне зақым келді.
"Барлау барысында зардап шеккен төрт адам анықталды, олар ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, оқиға орнында дәрігерлер тағы бір адамды тексеріп жатыр", - деді полиция.

Оқиға салдарынан ғимарат ішінде болған Өзбекстанның 41 және 19 жастағы екі азаматы зардап шекті. Сондай-ақ, екі қазақстандық азамат, яғни 16 жастағы жасөспірім мен 27 жастағы ер адам жарақат алған.
Tengrinews.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова