Астанада жаңа әуежай салынады: құрылыс қашан басталады?

Үкімет келесі жылы көлік өткізу бекеттерін жаңғырту жұмысын аяқтап, Астанада жаңа әуежай салуға кіріседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударды.

"Мемлекет басшысы Қазақстанды өңірдегі жетекші көлік-логистика торабының біріне айналдыру міндетін қойды. Көлік саласында жаңа теміржол желілерін салу және вокзалдарды жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау қажет. Қарағанды - Жезқазған республикалық жолын реконструкциялау басталды. Бейнеу - Сексеуіл және Орталық - Батыс жолдары уақтылы әрі сапалы салынуын қамтамасыз ету қажет", - деді Олжас Бектенов.

Президент кеше елордада жаңа әуежай салу кезек күттірмейтін міндет екенін айтты. Астана әкімдігіне бұл жобаны жүзеге асыруға дереу кірісу тапсырылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!