Астанада ет сатуға қатысты қылмыс әшкереленді

Астанада ет сатуға қатысты қылмыс әшкереленді
Фото: depositphotos.com

Астанада криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында "ауылдан арзан бағамен ет жеткізіп беремін" деп азаматтарды алдаған 38 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында күдікті ет сататын базарларды аралап, сатып алушылардың сеніміне кіріп, алдын ала ақша алып отырғаны анықталған.

Алайда ол өз міндетін орындамай, уәде еткен тауарды жеткізбеген. Салдарынан азаматтарға материалдық шығын келген.

"Осындай оқиғалардың бірінде жәбірленушіге келген шығын көлемі - 3 миллион теңге. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір оның осыған ұқсас өзге де жайттарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде елордадағы кейбір мейрамханалар мен дәмханаларға ит еті жеткізілгені туралы ақпарат қызу талқыланды. Кейінірек мамандар желіні шулатқан осы ақпаратқа жауап берді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget