Астанада Джеки Чанның қатысуымен брифинг өтеді

Астанада Джеки Чанның қатысуымен брифинг өтеді
Фото: KinoFilms.ua

Қазақстандағы Қытай киносының фестивалі қарсаңында 2017 жылдың 7 маусымында Қазмедиа орталығында әлемге әйгілі кино өнерінің мэтрі Джеки Чанмен брифинг өтеді. Бұл туралы Massaget.kz порталына брифингтің ұйымдастырушысы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз бөлімі хабарлады. 

Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің күндері  ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  қолдауымен 7-18 маусым аралығында өтеді. Ашылу салтанатында  Джеки Чан «Кунг-фу Йога» атты фильмін тарту етеді.

Айта кетсек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

Р. Роза