- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада бір бөлмелі...
Астанада бір бөлмелі пәтердің жөндеу жұмысына қанша теңге керек?
Астанада бір бөлмелі пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қанша қаржы жұмсалады? Құрылыс материалдарының бағасы қымбат па? TengriLife тілшісі үйіне жөндеу жұмысын жүргізген елордалық Надеждамен бірге шығындарды есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Пәтер алу арманым еді"
Менің есімім – Надежда. Елордадағы кішкентай бір бөлмелі пәтерімнің аумағы 36 шаршы метрді құрайды. Осыдан төрт жыл бұрын пәтерімді жөндеу жұмысы істелмеген, ламинат төселген, қабырғасы таза күйінде алғанмын.
Фото: tengrinews.kz
Астанадағы сол жағалаудан жеке пәтер алу арманым еді. 2019 жылы пәтерді алған соң, ретке келтірдік. Ол кезде бар ойым тезірек көшу болды. Сол үшін жылдам бітсін деген оймен түсқағаздар мен төбесін жапсыруға маман шақырттық. "Өте жылдам" істелген жөндеу жұмысы 300 мың теңгеге шыққан болатын.
Сол кездері қымбат жиһаз алудың реті келмеді, себебі қаржылық жағдайымыз көтермеді. Асүй сөресін сайттағы хабарландырудан 23 мыңға алдым, ал кереует пен киім сөресі пәтерде болды. Ата-анам берген ескі пердені іліп, 10 мың теңгеден біртүсті қабырға қағаздарының бірнешеуін алғанмын. Бірақ "өз үйім – өлең төсегім".
"Бір ай бұрын дайындалдық"
Осы жолы жөндеу жұмыстарына дайындық кезінде таңдауым қымбат болатынын түсіндім. Оның үстіне тек қана түсқағаздарды ауыстырмаймын ғой. Шағын ғана 36 шаршы метрлік үйіме толығымен жөндеу жұмыстарын жүргізетін болып шештім.
Фото: tengrinews.kz
Астанада жөндеу жұмыстарының маусымы мамырда басталып, қыркүйекке дейін жалғасады. Ең бастысы – кәсіби маманды табу. Біз бір ай бұрын дайындалдық. Тіпті, басталатын күнді алдын ала белгілеп қойдық. Бәрінен бұрын үйдегі сарғыш түстен құтылғым келді. Сары ламинат, сары есік, т.б.
Фото: tengrinews.kz
Құрылыс базарынан керек-жарақты алатын болып шештік. Ыстық күнде ыңғайсыз, бірақ базарда бәрібір баға арзан екен. Тағы бір ұнаған тұсы күліп тұрып, арзанға саудаласуға болады.
Жөндеу жұмыстары көп уақыт алмас үшін басталатын күнге бір апта қалғанда анам екеуміз түсқағаздарды жырттық. Заттарды басқа жерге апарып, пәтерді босаттық.
Шығындар тізімі
Жөндеу жұмыстарына 300 мың теңге жұмсадық. Бұл сомаға тазалау жұмыстары мен есіктерді қондыру да кіреді.
Фото: tengrinews.kz
Ламинат бәрінен ең қымбаты екен. 36 шаршы метрлік шағын пәтерімізге негізгі еден тақтайы мен ламинат 200 мың теңгеге шықты.
· Қоспалар, құрылыс сөмкелері және т.б. – 80 050 теңге
· Кисталар, шығын материалдары,т.б. – 110 070 теңге
· Қабырға бояуы – 80600 теңге
· Екі есік ұстағышымен – 99702 теңге
· Бұрыштар – 9000 теңге
· Ток көздері – 35 600 теңге
Пәтердің төбесін ауыстырмадық. Қалған жөндеу жұмыстарына 915 122 теңге жұмсалды.
Бір бөлмелі пәтерге бір айдан көп уақыт кетті. Бұдан да тез аяқтауға болар еді. Бірақ жөндеу жұмыстарын тек бір адам ғана істеді. Ұнамағаны - құрылыс базарына бару және уақытыңды жолға құрту. Базарға баруымыз кейде бір күнді толығымен алды.
Фото: tengrinews.kz
Көрсетілген соманың ішіне асүй сөресі, жиһаз, киім сөресі, асүй жабдықтары, тұрмыстық техникалар, перде бағасы, т.б. кірмейді.
Жалпы жөндеу жұмыстары кезінде барлық киімдер мен жиһаздарды басқа пәтерге алып кеткен дұрыс. Себебі оларды қанша қаптағанмен, бәрібір шаң қалады.
Қорытынды: Бір бөлмелі пәтердегі жөндеу жұмыстары 915 122 теңгеге шықты. Оның 300 мың теңгесі жөндеу жұмысына, 615 122 теңге құрылыс материалдары мен т.б. заттар алуға жұмсалды.
Еске салайық, бұған дейін демалыста көршіңіздің тыныштығын бұзып, жөндеу жұмысын жүргізу туралы жарияланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы