Демалыста көршіңіздің тыныштығын бұзып, жөндеу жұмысын жүргізуге бола ма?

Демалыста көршіңіздің тыныштығын бұзып, жөндеу жұмысын жүргізуге бола ма?
Фото: pixabay.com

Күн жылыған маусымда көп адам үйінде жөндеу жұмысын бастағысы келеді. Кейде ол көршілердің тыныштығын бұзып жатады. Демалыста жөндеу жұмысын істеуге бола ма? Krisha.kz тілшілері анықтап көрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, демалыста белгілі бір уақыт аралығында ғана жөндеу жұмысын істеуге болады. Яғни демалыс және мереке күндері 10.00-ден 23.00-ге дейін ғана жұмыс істеуге болады. Бұл уақыт аралығын ескермеген жағдайда айыппұл салынады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы).

Кодекске бойынша: 

  • жұмыс күндері сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін;
  • демалыс күндері 23.00-ден 10.00-ге дейін жөндеу жұмысын жүргізуге болмайды. 

Бұл талап қарапайым тұрғындарға да, тұрғын үйге жақын орналасқан көңіл көтеру орындарына да қатысты. 

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері Krisha.kz сайтына қатты шумен жұмыс күндізгі уақытта жүргізілуі тиіс және тәулігіне 8 сағаттан аспауы тиіс екенін атап өткен. Егер жұмыс осы уақыттан тыс жүргізілсе: таңертең ерте, кешке, түнде - бұл бұзушылық болып саналады. Тәртіп бұзушыларға шағымдар бойынша полицейлер айыппұл салады.

Айыппұл мөлшері қандай? 

Бірінші рет заң бұзған жағдайда: жеке тұлғалар үшін - 5 АЕК, яғни 17 250 теңге, ал кәсіпкерлер үшін - 20 АЕК, 69 000 теңге.

Заң бұзу қайталанған жағдайда: жеке тұлғалар үшін - 10 АЕК, 34 500 теңге, кәсіпкерлер үшін - 150 АЕК, 517 500 теңге.

Көршіңіз жөндеу жұмысын белгіленген уақыттан тыс жүргізсе не істеу керек? 

Ең алдымен көршіңізге өзіңіз айтып, түсіндіріп көріңіз. Егер сөзіңізді елемесе учаскелік полицейге хабарласу керек. Мүмкіндігінше фото, видео дәлел қажет болады. Ал полиция қызметкерлері тыныштықты бұзған адамды жазалауға міндетті. Егер шара қабылданбай жатса аудандық ішкі істер басқармасына жүгіну қажет. Сондай-ақ, залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы сотқа шағымдануға болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина