Астанада нөсер кезінде кәріз жүйесі дұрыс жұмыс істемегені және салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін Elorda eco system директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Elorda eco system алдына жерүсті ағын суын бұру үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылған: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б.", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, әкімдік мәліметінше, биыл жерүсті ағын суын бұру үшін 2,5 шақырым магистраль кәріз желісін салу жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін депутат Дәулет Мұқаев Астана көшелеріндегі жаңбыр жауғаннан кейінгі көріністің видеосын жариялағаны хабарланған еді. Кадрлардан су басқан көшелерде автобустар "жүзіп бара жатқаны" көрінеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!