- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскери прокуратура өкілі...
Әскери прокуратура өкілі Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты оқиғаға пікір білдірді
Сенат кулуарында бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазиевтің айтуынша, Тұрлыхановтың ұлы әскери қызметші болғандықтан, әскери прокуратура бұл қылмыстық істі қадағалаған. Қазір ол аяқталды және енді сот талқылауы сатысында.
"Ол - (Тұрлыхановтың ұлы - еск.) мерзімді қызметтегі сарбаз, қылмыс кезінде демалыста болған", - деді бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.
Қазиев сот Тұрлыхановтың ұлының кінәсін дәлелдесе, депутаттың ұлы қызмет еткен бөлімнің командирі де жауапты болатынын мәлімдеді.
"Заңда белгіленген тиісті тәртіппен, әрине, командир жазаланады", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.
Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова